RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда италиялық киім өндірісі іске қосылады

30.06.2026, 11:36 30

Италиялық киім-кешек Қазақстанда тігіледі.

Қос мемлекет кәсіпкерлері қатысқан инвестициялық форумда тиісті келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар, еуропалық бизнесмендер елімізде репакинг, яғни қайта қаптау қызметтерін ашып, дайын өнімдерді экспорттамақ. Мұндай жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, экспорт көлемін арттыруға, логистиканы дамытуға мүмкіндік береді. Отандық дизайнерлер үшін де жақсы жаңалық бар. Олар италиялық әріптестерімен ынтымақтасып, өз өнімдерін шетелдік нарыққа шығаруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ кездесуде арнайы өнеркәсіптік хаб ашу мәселесі талқыланды. Бұл хабтың арқасында Қазақстан Еуропа, Орталық Азия мен Қытай арасындағы сауда платформасына айналады. Айта кетерлігі, инвестициялық формуға 57 италиялық компания өкілі қатысты. Еліміздің олармен жылдық сауда айналымы 1 млрд еуродан асып отыр.

Айман Тұрсынхан, Италия-Қазақстан сауда өнеркәсіп палатасының өкілі:

- Біз Казтрэйд компаниясымен бұл бағыттағы жұмысты алдын ала бастап кеттік. Қазір итальяндық бренд компаниялармен бірлескен өндіріс ашуға дайын кәсіпкерлерді іздеп жатырмыз. Бұл әріптестікті жеке және мемлекеттік индустриалды аймақтар арқылы орнатуға болады.

Жиынға «Бәйтерек» холдингінің өкілдері де қатысты. Олар шетелдік бизнесмендермен агроөнеркәсіп, шағын және орта бизнес, азық-түлік өндірісі саласында өзара ынтымақтастық орнатуды көздеп отыр. Қазақстандық кәсіпкерлерге қажетті қаржылай қолдау көрсетуге дайын.

Сәкен Олжабаев, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ басқарушы директоры:

- Қазақстан даму банкі ірі жобаларды 7 млрд-тан астам сомасы қолдай алады. Егер шағын және орта бизнесті айта кетсек, Даму қорымыз бар, сол арқылы қолдай аламыз. Одан басқа 7 млрд-қа дейін бізде Өнеркәсіпті дамыту қоры бар. Сол институт арқылы қолдай аламыз. Негізі жалпы бізде кіші жобадан ірі жобаға дейін бүкіл қолдау құралдары бар.

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz