Алдағы екі жылда әлем қауымдастығы, соның ішінде жекелеген мемлекеттер экономикалық жоспарларын жүзеге асыру кезінде едәуір қиындыққа тап болуы мүмкін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен отырыста Халықаралық валюта қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырлы агенттіктерінің осындай болжамымен бөлісті. Президенттің сөзінше, күн өткен сайын халықаралық ахуал күрделеніп, жаһандық экономикаға орасан зардабын тигізіп келеді. "Дей тұрғанмен, еңсені түсіріп, үрейге бой алдыруға болмайды. Үкімет елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін барынша белсенді және ширақ жұмыс істеуі тиіс. Инфляцияны тежеп, оны мейлінше төмен деңгейге жеткізген жөн, сондай-ақ экономиканың қарқынын төмендетпей, керісінше оның көрсеткіштерін ұлғайту қажет" деді мемлекет басшысы.
Тегтер #президент #үкімет #инфляция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz