Елде 2026-2027 жылдары цифрлық теңгенің айналымы 1 триллионға жетеді.
Ұлттық банк өкілдерінің мәліметінше, биыл төл теңгеміздің үшінші формасы толық қолданысқа енеді. Пилоттық бастама қолға алынғалы құны 340 млрд цифрлық теңге айналымға шықты. Ол 30-дан астам инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруға жұмсалды. Мемлекет бюджет ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2023 жылдан бері цифрлық теңгені фермерлерге кредит пен субсидия беру, автомобиль жолдарын салу, Ұлттық қор есебінен инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру сынды бағыттарда пайдалануда. Елде цифрлық теңгенің заңдық мәртебесі айқындалып, құқықтық ережелері бекітілген.
Тегтер #Цифрлық теңге #Ұлттық банк #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz