Қазақстанда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 18,5 мың долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл Халықаралық Валюта қорының болжамы.
Сөйтіп Қазақстан Кавказ, ТМД және Орталық Азияда көш бастайды. Тіпті Қытай мен Ресейді де басып озуымыз ықтимал. Мәселен, Қытайда бұл көрсеткіш 15 мыңға да жетпейді. Ал Ресейде - 17 мың 710 АҚШ долларына тең. Сондай-ақ Халықаралық валюта қорының мамандары алдағы 5 жылда Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімінің көлемі 32,4-ға пайыз өседі деп топшылайды. Бұл елдің инвестиция тарту мүмкіндігін және мемлекеттің инфрақұрылым мен денсаулық сақтау және білімге қаржы бөлу әлеуетін көрсетеді.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің көлемі
2027 жылға болжам
Ресей – $17,71 мың
Қытай – $14,87 мың
Қазақстан – $18,55 мың
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #валюта қоры #Қазақстан #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz