RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Электрондық саудаға қатысты жаңа кедендік реттеу кейінге қалдырылды

01.07.2026, 16:49 55

Электрондық сауда тауарларына қатысты жаңа кедендік реттеу нормаларының күшіне ену мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Бұған дейін жаңа талаптарды 2026 жылғы 1 шілдеден бастап енгізу жоспарланған еді. Алайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінде ЕАЭО Кеден кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды ратификациялау рәсімдері әлі аяқталмаған.

Осыған байланысты жаңа кедендік қағидаларды Одаққа мүше барлық елдің аумағында бір мезгілде қолданысқа енгізу мүмкін болмай отыр. Сондықтан олардың күшіне ену мерзімі кейінге шегерілді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жаңа нормалардың нақты қашан қолданысқа енгізілетіні барлық мүше мемлекеттер қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтап, тиісті шешім қабылдағаннан кейін қосымша жарияланады.

Ведомство сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды, электрондық сауда операторларын және өзге де мүдделі тараптарды бұл өзгерісті алдағы жұмысын жоспарлау кезінде ескеруге шақырды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz