RU
Толық нұсқаға өту

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту институты ашылады

02.07.2026, 19:40 22

Елімізде әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған «Джи-Индекс» институты іске қосылады.

Бұл туралы төртінші Глобал Бизнес Уимен Каунсил пленарлық отырысы барысында айтылды. Жаңа институт әйелдер бизнесін дамытуға қатысты зерттеулер жүргізеді. Сондай-ақ ұйым мамандары өңірлер мен салалар бойынша кәсіпкерлікті дамытуға қажетті деректерді зерделейді. Институт өнеркәсіп, қаржы секторы мен мемлекет үшін тиімді бағыттарды анықтайды. Айта кетерлігі, Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің 48,5%-ын әйел адамдар басқарып отыр. Жиында нәзік жандылар бастаған кәсіпкерлікті қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, кәсіпкерлік әлеуетін арттыру және ірі компаниялармен ынтымақтасу мәселелеріне назар аударылды.

Жанна Байдашева, ҚР Президентінің жанындағы «Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры:

- Біз әйелдер басқарып отырған шағын және орта бизнеске қолдау көрсеткіміз келеді. Олар да түрлі қаржыландыру көздеріне қол жеткізе алуы керек. Осы орайда кәсіпкер әйелдердің білімін шыңдап, оларға халықаралық деңгейде бизнес жүргізуді үйреткіміз келеді. Бүгін біз G-Index институтының құрылуы жайында хабарлап отырмыз. Бұл институт қай өңірде кәсіпкерліктің қай түрін дамыту қажет екенін анықтайды. Банктер үшін қаржыландыруға тиімді бағыттарды іздестіреді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz