RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Елімізге шетелден алма әкелуге уақытша шектеу енгізіледі

07.07.2026, 12:18 41

Қазақстанда алма импортына уақытша тыйым салу ұсынылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды «24KZ».

Талқылау 8 шілдеге дейін жалғасады. Егер құжат қабылданса, шектеу 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Құжатқа сәйкес, шектеуді 2026 жылдың 1 тамызы мен 31 желтоқсаны аралығында енгізу жоспарланып отыр. Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден де, үшінші мемлекеттерден де автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы әкелінетін алмаларға қатысты болады.

Сонымен қатар бұл тыйым Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдарға және ЕАЭО елдері арасындағы Қазақстан арқылы өтетін алма жеткізіліміне қолданылмайды.

Бұл шара отандық алма өндірушілерді қолдауға және өнімнің тұрақты өткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шектеу әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыдан теріс салдарға әкелмейді деп есептейді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz