Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібіндегі өсім көрсеткіші 10%-ға жуықтады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту көрсеткіштеріне тоқталды. Алты айда машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару, өңдеу өнеркәсібі жақсы нәтиже көрсетті. Министрдің айтуынша, экономикалық өсім жаңадан іске қосылған бірқатар өндіріс есебінен мүмкін болған. Бүгінде жалпы құны 252 млрд теңгені құрайтын 74 жоба пайдалануға берілді. Нәтижесінде 4300-ден астам тұрақты жұмыс орыны ашылды. Жылдың соңына дейін жалпы құны 1 трлн 700 млрд теңгені құрайтын 200 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарда бар.
Тегтер #өңдеу өнеркәсібі #өсім #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz