Әлеуметтік маңызы бар нан мен көкөніс бағасы бақылауда сақталады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, астық бағасының өзгеруі әлеуметтік нанның құнына әсер етпейді. Қазіргі таңда бір тонна астықтың бағасы шамамен 90 мың теңгені құрайды. Ал төрт жыл бұрын бұл көрсеткіш 180 мың теңгеге жуық болған, яғни екі есеге жоғары еді.
Соған қарамастан, осы уақыт аралығында әлеуметтік нанның бағасы өзгермей, 110 теңге деңгейінде сақталды.
Министрлік өкілдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін мемлекетте барлық қажетті тетіктер бар екенін атап өтті. Сондықтан тұрғындар арасында алаңдауға негіз жоқ.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #нан #бағаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz