Қазақстан Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылық позициясын одан әрі нығайтып келеді.
Бұл туралы Қытайдың All China Review басылымы жазып отыр. Жарияланған сараптамалық материалда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтыр 306 млрд долларға жеткендігі айтылған. Бұл Орталық Азия экономикасының 54 пайызға жуығына тең. Салыстырмалы түрде алғанда, көрсеткіш өңірдегі екінші ірі экономика – Өзбекстаннан екі есе жоғары. Мақала авторларының пайымынша, ел экономикасы бүгінде тек шикізатқа сүйенбейді. Сауда, өңдеу өнеркәсібі, цифрлық технологиялар, логистика, қаржы қызметтері мен инновациялық секторлар экономикалық өсімнің жаңа драйверіне айналып келеді. Ал Халықаралық валюта қорының болжамынша, 2026 жылдың соңына қарай Қазақстан экономикасы 360,4 млрд долларға жетіп, әлемдік рейтингте 49-орынға жайғасады.
Тегтер #Қазақстан #Орталық Азия #China #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz