Инвестор үшін ең маңызды сұрақ біреу ғана: қаражатымды қай жерге салсам сенімді болады?
Бұл сұраққа World Investment Report, яғни әлемдік инвестициялар жөніндегі баяндама жауап бере алады. Жаһандық есеп бойынша бүгінде Қазақстанда жинақталған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 151,3 млрд долларға жеткен. Бұл бүкіл Орталық Азияға тартылған инвестицияның 68,6 пайызы. All China Review басылымының мәліметінше, осының арқасында Қазақстан шетелдік инвестиция тартуда да өңірдің негізгі орталығы саналады. Елдің географиялық орналасуы, қаржы инфрақұрылымы және инвестициялық ахуалы халықаралық бизнес үшін негізгі артықшылық ретінде аталып отыр. Яғни халықаралық бизнес үшін Қазақстан Орталық Азияға кірудің басты қақпасы.
ЖИНАҚТАЛҒАН ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ - $220,5 МЛРД
ҚАЗАҚСТАН – $151,3 МЛРД (68,6%)
ТҮРІКМЕНСТАН – $44,6 МЛРД
ӨЗБЕКСТАН – $16,7 МЛРД
Тегтер #шетел #капитал #Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz