«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында кейінгі екі жылда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 605 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды.
Соның есебінен 12,3 мың шақырым инженерлік желі жаңартылып, инфрақұрылымның орташа тозу деңгейі 6,2 пайызға төмендеді. «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы қабылданды. Бағдарлама шеңберінде инженерлік желілердің тозуын 40 пайызға төмендетіп, апат санын 20 пайызға қысқарту көзделген. Жобаға шамамен 13 триллион теңге бөлінеді. 86 мың шақырым инженерлік желіні жаңартуға 6,8 трлн теңге жұмсалады. Ал жаңа электр энергиясын өндіру қуаттарын жаңғыртуға 6,2 триллион теңге бөлініп, белгіленген қуатты 32,6 гигаватқа дейін жеткізу жоспарланған.
Тегтер #тариф #инвестиция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz