Қызылорда облысында соңғы 10 жыл ішінде «Samruk-Kazyna Trust» қоры екі миллиард теңгеден астам сомаға 18 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.
Олар инклюзияны, бұқаралық спортты, қолжетімді медицинаны және халық үшін маңызды басқа да салаларды дамытуға бағытталған.
Өткен жылы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының тарихында жаңа кезең басталды. Заманауи ғимарат, сандық және мультимедиялық технологиялар. Құны 250 миллион теңге болатын жоба «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен іске асырылды.
Нұрмат Мансұр, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры:
- «Самұрық –Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры осы музейдің осы деңгейде жабдықталуына өзінің демеушілік көмегін, қолдауын көрсетті. Музейде қазір 12 экспозициялық зал бар.
Қор бұқаралық спортты да белсенді дамытуда. Бетке ұстар жобалардың бірі заманауи Үстел теннисі орталығы. 16 теннис үстелі, көрермендер мен төрешілерге арналған трибуналар. Мұнда күн сайын 100-ден астам адам жаттығады.
Алем Би Айдарбек, ҚР Чемпионы /2014 жылға дейінгі жастар арасында/:
- Бұрында бізде осындай теннис орталық болған жоқ. Бізге, інім екеумізге өте қатты ұнайды. Біз осы жақта жаттығамыз. Біз қазір Алматыда болатын халықаралық жарысқа дайындалып жатырмыз. Мен алтын аламын деп үміттенемін!
Қор өңірдің спорттық инфрақұрылымына бір жарым миллиард теңгеден астам қаржы салды. Алаңдар жабдықталып, спорт кешендері салынды. Олардың бірі Махамбетов ауылында. Қор мұндай жобаларды бүкіл ел бойынша дамытып, бұқаралық спортты әркімге қолжетімді етеді.
Альфия Адиева, "Samruk-Kazyna Trust" КҚ бас директоры:
«Қордың бастамасымен соңғы 10 жылда еліміздің әр өңірінде 19 спорт кешені мен 100-ден астам ойын және спорт алаңдары салынды. Бүгінде бұл нысандар 750 мыңнан астам тұрғын үшін қолжетімді».
Инклюзияны дамытуға ерекше назар аударылады. Қордың арқасында өңірде 2 оңалту орталығы жұмыс істейді, онда жыл сайын 1 мыңнан астам ерекше бала көмек алады.
Серік-Ибраһим Орынбек, Ақан Әлиев
Тегтер #SamrukKazyna Trust #Қызылорда облысы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz