Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме дәлізі ±1 пайыздық тармақты құрайды, деп хабарлайды «24KZ».
Ұлттық банк мәліметінше, шешім инфляцияның төмендеу үрдісін ескере отырып қабылданған. Маусым айында жылдық инфляция 10,3%-ды құрады. Азық-түлік бағасының өсу қарқыны 10,4%-ға дейін баяулаған.
Сонымен қатар қызмет көрсету саласындағы инфляция 9%-ға жетті. Реттеуші инфляциялық тәуекелдер әлі де сақталып отырғанын атап өтті.
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және көлік салаларында жоғары өсім байқалады. Инвестициялар көлемі 9,6%-ға артқан.
Ұлттық банк алдағы шешімдер инфляция динамикасына, сыртқы нарықтағы жағдайға және экономикалық көрсеткіштерге байланысты қабылданатынын хабарлады.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2026 жылғы 4 қыркүйекте жарияланады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Ұлттық банк #базалық мөлшерлемеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz