RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

1 млрд доллар: Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы өсті 

24.07.2026, 15:10 39

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда жаңа тарихи межеден асты. 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында екі елдің тауар айналымы 1,0 млрд долларға жетіп, алғаш рет миллиард долларлық шектен өтті. Бұл – 2013 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе көп, деп хабарлайды «24KZ» TradeReport-қа сілтеме жасап.

Қазақстанның Қырғызстанға экспорты 720 млн долларға, ал импорты 305 млн долларға жетті. Нәтижесінде еліміздің саудадағы оң сальдосы 415 млн долларды құрады.

Экспорт құрылымында ең ірі үлесті 190 млн долларлық алтын иеленді. Ал Қырғызстаннан импортталатын негізгі тауарлар қатарында 91 млн долларлық мұнай өнімдері мен 74 млн долларлық бағалы металдардың кендері бар.

Негізгі көрсеткіштер:

Тауар айналымы – 1,0 млрд доллар;
Экспорт – 720 млн доллар;
Импорт – 305 млн доллар;
Сауда профициті – 415 млн доллар;
Экспорттағы басты тауар – алтын (190 млн доллар);
Импорттағы негізгі тауарлар – мұнай өнімдері (91 млн доллар) және бағалы металдар кендері (74 млн доллар).
Бұл көрсеткіштер екі ел арасындағы экономикалық байланыстың күшейіп келе жатқанын аңғартады. Қазақстан үшін Қырғызстан Орталық Азиядағы маңызды сауда серіктестерінің бірі саналады. Ал ЕАЭО аясындағы еркін сауда режимі тауар айналымының өсуіне қосымша серпін беріп отыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz