RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Абай облысының әкімдігі

Қазақстан–Қытай шекарасында жаңа мультимодальды құрғақ порт салынады

24.07.2026, 15:10 45

Абай облысының Мақаншы ауданындағы Бақты ауылында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысының іргетасы қаланды, деп хабарлайды «24KZ».

 Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол шекара өткеліне айналып, екі ел арасындағы жүк тасымалының өткізу қабілетін жылына қосымша 20-25 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Құрылысқа алғашқы кезеңде 210 млн АҚШ доллары көлемінде жеке инвестиция салынады. Осы кезеңде 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал құрылыс барысында 800-1200 адам жұмыспен қамтылып, кешен толық іске қосылғаннан кейін 500-1000 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Салтанатты рәсімге Абай облысының әкімі Берік Уәли мен «Port Baqty» ЖШС құрылтайшысы Қайрат Итемгенов қатысты.

Бақты құрғақ порты – жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес. Бұл – халықаралық сауда, көлік және логистика салаларын тоғыстыратын, өңірдің экономикалық өсіміне серпін беретін жаңа даму нүктесі, – деді облыс әкімі Берік Уәли.

Жоба аясында контейнерлік және астық терминалдары, қойма кешендері, кедендік және логистикалық инфрақұрылым, автокөлік терминалы мен сервистік нысандар салынады. Терминалдың жобалық қуаты жылына 1 млн контейнерді құрайды. Жобаны іске асыру 2026-2028 жылдарға жоспарланған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz