RU
Толық нұсқаға өту

ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық форумы өз жұмысын бастады

24.07.2026, 17:22 49

Бүгін ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы шымылдығын түрді.

Жиын 2003 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Бірінші форумда қол жеткізілген нәтижелер негізінде іс-шараны жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданды. 2005 жылдан бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумы Ресей және Қазақстан қалаларында кезекпен өтеді. Биыл логистика инфрақұрылымы, химия өндірісі, су көлігі, өңдеу өнеркәсібі сияқты түрлі сала сарапшылары бас қосты. Алаңда қандай мәселелер қаузалды? Қол жеткізілген келісімдер бар ма? 

Құралай Жұмахан, тілші:

- Омбы Ертіс және Ом өзендерінің қосылу жерінде орналасқан ірі қала. Қазақстан шекарасынан 100-120 шақырым қашықтықта орналасқан аймақ екі ел арасындағы көлік және экономикалық байланыстардың маңызды торабы. Бүгінгі панельдік сессияда логистикалық экожүйені, көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралып жатыр. Іс-шараға 500-ден астам бизнес өкілі мен сарапшы маман қатысуда.

Берік Ахметов, QazTrade басқарушы директоры:

- Бүгінгі күн қорытындысы бойынша 10 шақты құжатқа қол қойылды. Сауда-инвестициялық, логистикалық, институционалдық бағыттар қамтылды. Қазақстан мен Ресей арасындағы өндірістік кооперация сауда айналымын дамытудың қозғаушы күші болары сөзсіз.

Ертістің бойы ен сауда. Тек ебін таба білу қажет. Демек, ежелгі сауда керуенінің соқпағын жаңарту заман талабы. 2025 жылы Ертіс су бассейні арқылы Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалы 296 мың тоннаға жеткен. Мамандар жүк ағынын арттыра түсу үшін тасымалды тиімді жүргізу қажет дейді. 

Айдос Шайхисламов, Павлодар облысы аймақтық «Атамекен» КП директорының міндетін атқарушы:

- Қазір Ертіс түбін кеңейту мәселелері бойынша келіссөздер жүріп жатыр. 2024 жылы Жол картасы жасалған болатын, соны дамыта түсуіміз керек. Бүгін түрлі кәсіпорындар басшыларымен пікірлестік. Қазір жүмыс тобы құрылатын болады. 

Құралай Жұмахан, тілші:

- Мамандар Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келе жатқанын айтады. Бүгінде барлық шекаралас облыстардың арасында тұрақты экономикалық байланыс орнаған. Мәселен, екі ел арасындағы тауар айналымы соңғы 5 айда 11 млрд АҚШ долларына жуықтаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға жоғары. 

Осы межені арттырып, жаһандық логистикалық экожүйені қалыптастыру, Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын арттыру мәселелері ертең де талқыға салынады. Ал бүгін күн қорытындысында 10 шақты келісімге қол қойылды. 

Құралай Жұмахан, Айдос Меделбеков, Бақытбек Нұртаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz