RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысына күзгі егін орағына 8 мың тонна дизель бөлінді

26.07.2026, 12:00 58

Ақтөбе облысындағы күзгі жиын-терім жұмыстарына жеңілдетілген бағада 8 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Жанармайды жеткізуші оператор шілде айының соңына дейін анықталуы тиіс. Қазір өңірде егін орағына дайындық қызу жүріп жатыр. Кейбір шаруа қожалықтары күздік бидайды оруға кіріскен. Ал негізгі науқан тамыз айының екінші онкүндігінде басталады.

Алға ауданына қарасты Үшқұдық ауылы маңындағы астық алқабына комбайн бүгін ғана түсті. Жауын-шашын мол болғандықтан арпаның масағы тез толып, бітік шыққан. Сондықтан шаруа қожалығы егін орағына ерте кірісіп отыр. Жалпы серіктестік биыл 4 мың гектар жерге арпа мен бидай, сафлор еккен.

Талғат Жұрмұхамбетов, шаруа қожалығы директорының орынбасары:

- Бүгін арпаны орып бастадық. Одан кейін күздік бидай алқаптарына көшеміз. Астық бітік шыққан. Нақты қанша өнім алатынымыз әзірге белгісіз. Бірақ шамамен 25-30 центнерге жетеді деп болжап отырмыз. Нәтижесі астық ору науқаны аяқталған соң белгілі болады.

Шаруа қожалығы көктемгі егіс жұмыстарына 28 тонна жеңілдетілген дизель отынын алған. Күзгі жиын-терімге де қажетті жанармайға өтінім берді. Жалпы өңірдегі диқандарға жеңілдетілген бағамен сатылатын 8 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Нұрбек Райымбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Жанар-жағармай жеткізуші компанияларға ұсыныс бердік қатысу туралы. Енді алдағы уақытта осы түскен өтінімдер бойынша комиссия отырысы болып облысқа мына Атырау мұнай өңдеу зауытынан жеткізуші операторды анықтаймыз. Және бағаны белгілейміз. 

Жаз басындағы мол ылғал астықтық дер кезінде бой көтеруіне жағдай жасаған. Диқандар бидайдың бітік шыққанын айтады. Ауа райы қарасып тұрса, шамамен 520 мың тонна астық қамбаға құйылуы тиіс.

Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz