RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Қосшы қаласы толық орталықтандырылған газбен қамтылды

27.07.2026, 12:58 54

Қосшы қаласының бес жылдығы күні «Сарыарқа» магистральдық газ құбырынан газдандыру жобасы аясында салынған газ тарату желілерінің екінші және үшінші іске қосу кешендері ресми түрде пайдалануға берілді, деп хабарлайды «24KZ». 

Осылайша ауқымды инфрақұрылымдық жоба толық аяқталып, қаланың барлық шағынаудандары табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды.

«Жоба аясында 400 шақырымнан астам газ тарату желілері салынып, бір блокты және 43 шкафтық газ реттеу пункті орнатылды. Бұл – Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратын маңызды инфрақұрылымдық жоба», – деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының директоры Ержан Балабеков.

Салтанатты рәсімнің негізгі оқиғасы – қалаға табиғи газдың ресми түрде берілуінің басталуы болды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз Қосшы қаласы үшін аса маңызды жобалардың бірін толық аяқтап отырмыз. Бүгіннен бастап орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі толық іске қосылды. Бұл – қаланың барлық шағынаудандары экологиялық таза әрі қолайлы көгілдір отынға қол жеткізді деген сөз. Сонымен қатар, Қосшы қаласының бес жылдық мерейтойына орай «QazaqGaz Aimaq» компаниясымен бірлесіп, қала тұрғындарына газ есептеуіш құралдарын тегін беру туралы шешім қабылданды», – деді Марат Ахметжанов.

Еске сала кетейік, газдандыру жобасының бірінші іске қосу кешені 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген болатын. Бүгінде 112 мыңға жуық тұрғыны бар Қосшы қаласы толықтай орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесімен қамтылып отыр. Бұл – қаланың алғашқы бес жылдағы инфрақұрылымдық дамуының маңызды нәтижелерінің бірі.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz