2026 жылы Қазақстанда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. Бұл мақсатқа 1,1 трлн теңгеден астам қаражат бағытталады, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жоспарланған қаржының 759 млрд теңгесі құрылыс жұмыстарына қарастырылған. Ал 379 млрд теңге көлеміндегі жобалар бойынша ЕРС-мердігерлер анықталып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерден қажетті материалдарды сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар 2026 жылы инфрақұрылымының тозу деңгейі аса жоғары 8 кәсіпорынды орташа санатқа шығару жоспарланған.
Айта кетейік, 2025 жылы ұлттық жоба аясында қаржыландыру көлемі 547 млрд теңге болатын 6,6 мың шақырым инженерлік желі жөнделді. Сондай-ақ 8 коммуналдық кәсіпорын тәуекелі жоғары «қызыл» аймақтан шығарылды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #үкімет #инженерлік желіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz