RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Алматы іскер қалалардың әлемдік рейтингінде 10 сатыға көтерілді

30.07.2026, 16:29 40

Алматы International Congress and Convention Association (ICCA) қауымдастығының жыл сайынғы рейтингінде 10 сатыға жоғары көтерілді, деп хабарлайды «24KZ».

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл қаланың конгрестер, конференциялар және өзге де іскерлік іс-шараларды өткізуге қолайлы орталық ретіндегі беделі артып келе жатқанын көрсетеді.

ICCA – іскерлік туризм индустриясындағы жетекші халықаралық коммерциялық емес қауымдастықтардың бірі. Оның құрамына әлемнің 100-ге жуық елінен 1 100-ден астам ұйым кіреді. Ұйымның жыл сайынғы рейтингі MICE-туризмнің даму деңгейін бағалайтын ең беделді халықаралық көрсеткіштердің бірі саналады.

Almaty Tourism Bureau ICCA қауымдастығына үш жылдан бері мүше. Бұл Алматыға халықаралық кәсіби қауымдастықпен, конгресс ұйымдастырушыларымен және саланың жетекші серіктестерімен тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ қаланың іскерлік туризмдегі әлеуетін жаһандық деңгейде танытуға мүмкіндік беріп келеді, - деп хабарлады әкімдіктен.

2025 жылғы ICCA мәліметіне сәйкес, Алматыда өткен халықаралық іс-шараға қатысқан бір делегат орташа есеппен 1 210 АҚШ доллар жұмсайды. Бұл сомаға қонақ үйде тұру, тамақтану, көлік және өзге де қызметтерге жұмсалған қаражат кіреді.

Орта есеппен бір халықаралық іс-шара қала экономикасына шамамен 327 мың АҚШ доллары көлемінде пайда әкеледі. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда өткен ICCA іс-шараларының жалпы экономикалық үлесі шамамен 2,94 млн АҚШ долларына жеткен.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz