RU
Толық нұсқаға өту

Биыл негізгі капиталға ₸31,5 трлн инвестиция тартылмақ

03.08.2026, 17:00 36

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі қарқынды өсіп келеді.

Былтыр салаға құйылған қаржы 39 пайызға артып, 3 триллион теңгеге жеткен. Ал биылғы бірінші жартыжылдықта өсім тағы 41,5 пайызды құрап, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 15 пайызға дейін ұлғайды. Тікелей шетелдік инвестициялар құрылымында да өңдеуші сектордың үлесі біршама өсті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 21,3 пайызға дейін жетті. Қазір елімізде машина жасау, металлургия және тамақ өнеркәсібіндегі ірі өндірістік жобалар жүзеге асып жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл экономикадағы қосылған құны жоғары өндірістердің үлесін арттырып, шикізаттық емес экспортты көбейтуге мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, биыл негізгі капиталға барлығы 31,5 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Бұл жалпы ішкі өінімнің шамамен 18%-ына тең. Оған қоса 25,5 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция құйылады деген жоспар бар.

Рауан Аташбеков, ERI сауда және инвестициялық саясатты дамыту орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Негізгі назар өңдеу өнеркәсібі, шикізатты терең өңдеу, инфрақұрылым, логистика және қосылған құны жоғары басқа да салалардағы жобаларға аударылады. Мемлекет инвесторларды өзі белсенді іздеп, оларға алдын ала дайындалған жобаларды ұсынатын болады. Мұндай жобалар бойынша өнімді өткізу нарығы, шикізат көзі, жер учаскесі, инфрақұрылым және мемлекеттік қолдау шаралары алдын ала анықталады. Бұл тәсіл «инвестицияларға тапсырыс» деп аталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz