Елімізде 2030 жылға қарай шикізатты қайта өңдеу көлемін 1,5-2 есе арттыру міндеті тұр. Тағы 40 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.
Мақсатты межеге жету үшін мемлекет өндірісті дамытатын кәсіпорындарды қолдауға дайын. Сауда және интеграция министрлігінің ақпарынша, еліміздегі отандық өндірушілердің басым бөлігі жеңіл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында шоғырланған. Бүгінде отандық өнімге сұраныстың негізгі драйвері мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор болып қала береді. Салада сыртқы саудадағы импорт әлі де басым. Сонымен қатар үкімет басшысының тапсырмасымен "Қазақстанда жасалған" бренді бойынша өнімді қолдау мен дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленіп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #шикізат #өндіріс #үкімет #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz