RU
Толық нұсқаға өту

Солтүстікте тау-кен байыту комбинаты салынады

07.08.2026, 18:00 41

Солтүстік Қазақстан облысында тау-кен байыту комбинаты салынады.

Оның құрылысына 100 миллиард теңге инвестиция тартылады. Кәсіпорында 600 тұрақты жұмыс орыны ашылады. Петропавлдағы "Қызылжар Инвест" халықаралық форумында осындай келісім-шартқа қол қойылды. Жиынға Италия, Қытай, Германия, Ресей және Қазақстаннан 400 делегат қатысты. Экономикалық шара қорытындысы бойынша бизнес қауымдастығымен 1,3 триллион теңгеге ортақ меморандум жасалды. 

Алесандро Ричче, инвестор /Италия/:

- Біз Петропавлда жемдік ашытқы зауытын салуды жоспарлап отырмыз. Жоба құны 1,5 млрд теңге. Оған жергілікті атқарушы билік тарапынан барынша қолдау жасалып жатыр. 

Дархан Әмрин, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

- Ірі жобалардың қатарында май экстракциялау және өңдеу зауыттары, заманауи тұрғын үй кешендері мен қонақ үй құрылысы бар. Форум аясында жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен көрме өтті. Бұл жергілікті кәсіпкерлерге серіктес табуға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz