RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді

10.08.2026, 11:00 37

Жаңа инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар бой көтерді. Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде су тарату стансасы мен жеткізу желісі іске қосылды. Нәтижесінде 1500-ге жуық үй ауыз сумен қамтылды.

Құны 1 млрд теңгеден асатын бұл жоба мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып отыр. 

Ал Талдықорғанда әлеуметтік осал топтар санатындағы 41 отбасы баспанамен қамтылса, Шымкентте 80 отбасыға сатып алу құқығымен жалдамалы пәтер берілді.

Бұған қоса, Түркістан облысының Шорнақ ауылында жаңа спорт кешені салынды. Мұнда баскетбол, бокс, күрес және спорт залдары бар. Дәл осы өңірдегі Кентау қаласында Достық үйі ашылды. Бұл ғимарат мәдени іс-шаралар өткізуге арналған заманауи жабдықтармен қамтылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz