Қазақстанда жақында ақылы режимге көшкен үш автожол учаскесімен бір ай ішінде 528 мыңнан астам көлік жүрген, деп хабарлайды «24KZ» «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, ең жоғары көлік ағыны «Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал» автожолында тіркелген.
Бір ай ішінде үш ақылы учаскедегі қозғалыс көлемі:
Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал – 290 мың көлік;
Талдықорған – Өскемен – 181 мың көлік;
Бұрылбайтал – Күрті – 58 мың көлік.
Осылайша, Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал бағыты жалпы көрсеткіштің шамамен 55 пайызын құраған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #ақылы жол #экономикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz