Қолданбаға отбасыға арналған жаңашылдықтар енгізілмек. Бұл тізімде фотосуреттерді сақтау, маңызды оқиғалар күнтізбесі және іс-шараларды ұйымдастыру сынды функциялар бар.
Бұл туралы Үкімет отырысында «BTS Digital» компаниясының басшысы Мақсат Нұриденұлы мәлімдеді.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін ай сайынғы аудиторияны 1,5 млнға дейін арттыру жоспарлануда. Келесі жылы бұл көрсеткіш 4 мнға жуықтайды деп күтілуде. Желі қолданушыларға қолайлы болу үшін eGov GPT цифрлық көмекшісі енгізіледі. Ол қажетті қызметті табуға және өтінішті рәсімдеуге көмектеседі.
Отырыста Премьер-министр Aitu-ды одан әрі дамыту және кеңейту қажеттігін атап өтті.
Тегтер #Aitu #мессенджер #фотосурет #Үкімет отырысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz