2026 жылдың тамыз айында алтын құны тарихи шегіне жетіп, COMEX биржасында бір унциясы $4356,28 болды, деп хабарлайды «24KZ».
Сарапшылардың пікірінше, бұл қымбаттау жаһандық белгісіздік пен саяси факторларға байланысты. Алтын әлі де капиталды қорғайтын негізгі құралдардың бірі болып отыр, алайда инвестиция жасамас бұрын нарықтағы тәуекелдерді ескерген жөн.
Бағалы металдар нарығы тағы да жоғары қарқын көрсетуде. 2026 жылғы 7 тамызда COMEX биржасында желтоқсандық алтын фьючерстері шамамен 3%-ға қымбаттап, маусым айындағы ең жоғарғы көрсеткіштерге жақындады.
Бұл жағдай халық пен инвесторлардың назарын аударып отыр: алтын не үшін өсіп жатыр, алдағы уақытта баға қалай өзгереді және бұл металл жинақ сақтауға қолайлы ма? Бұл сұрақтарға экономист, Qazaq Expert Club тең құрылтайшысы Бауыржан Шурманов жауап беріп, әлемдік қаржы институттарының болжамдарына шолу жасайды.
Бағалы металдар құнының ауытқуы ешқашан өздігінен болмайды – ол қазіргі макроэкономикалық және геосаяси жағдайға тікелей байланысты. Әлемдік қаржы жүйесіндегі алтынның іргелі рөлі – классикалық хедж, яғни нарықтық тәуекелдерден қорғайтын актив қызметін атқару, – деп түсіндіреді сарапшы.
Экономистің айтуынша, қазіргі сұранысты мынадай негізгі жағдайлар тудырып отыр:
Нарықтағы белгісіздік артқан сайын, инвесторлар өз қаражатын қауіпсіз бағытқа бұрады. АҚШ Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемелерді төмендету ықтималдығы алтынды тартымды ете түседі.
Әлемдегі кейбір аймақтық қақтығыстар мен инфляциялық қауіптер бөлшек және ірі инвесторлардың қызығушылығын арттырады.
Алтынның болашағын бағалауда Goldman Sachs, J.P. Morgan, UBS және Дүниежүзілік алтын кеңесі сынды жетекші институттардың талдауларына сүйенуге болады. Сарапшы нарық динамикасын екі кезеңге бөледі:
Баға геосаяси жаңалықтар мен қорларға түсетін капитал ағынына өте тәуелді. Бұл тұста құбылмалылық жоғары болып, бағаның қысқа мерзімді түзетулері орын алуы мүмкін.
J.P. Morgan пен UBS болжамдарына сай, орталық банктердің саясаты басты рөл атқарады. Егер АҚШ ФРЖ мөлшерлемені төмендетуді жалғастырса, облигациялардың кірістілігі азайып, алтынның инвестициялық құндылығы арта түседі.
Тегтер #алтын #биржа #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz