Проблемалық кредиттерді пайдаға айналдыру керек. Ақша айналымы тұйықталса экономика тығырыққа тіреледі. Мәселені қалай шешуге болады?
Халықаралық мемлекеттік активтерді басқару компанияларының форумы атты алаң бар. Қазақстан биыл соған төрағалық етіп қана қоймай, мерейтойлық 10-шы саммитін де өткізіп жатыр. Бұл жиын өңірлік қаржылық қауіпсіздік жүйесі мен әлемнің үздік тәжірибелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деді вице-премьер Серік Жұманғарин.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
- Біздің міндетіміз мынадай – қаржы иниституттары мен мемлекеттік операторлар жұмыс істейтін портфельдерде ресурстарды қатырып қоюды тоқтату тиіс. Әрбір теңге нақты экономикаға жұмыс істеуі, жаңа өндірістерді, инфрақұрылымды қаржыландырып, жаңа жұмыс орындарын құру қажет. Біз капиталды тәуекелі жоғары кепілсіз тұтынушылық кредиттеу сегментінен өндірістік бағыттарға қайта бағыттай алдық: кепілсіз тұтынушылық кредиттердің өсімі алдыңғы жылдардағы 32%-дан 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тарихи ең төменгі деңгейге – 3,1%-ға дейін баяулады.
Стрестік кредит деген не? Бұл қаржы институттарына қарызын қайтара алмаған кәсіпкер немесе компаниялармен жұмыс. Яғни елдегі проблемалық кредиттер қоры оларға қолдау көрсетіп, тәуекелге барады. Банктердің берешегін өтеп, борышкердің аяққа тұруына жан-жақты жеңілдіктер жасайды. Сөйтіп бүгінге дейін қорға 170 млрд теңге қайтарылған. Ал соңғы 5 жылда қарызгер кәсіпорындар 84 млрд теңгеге жуық салық төлеп, 9 мыңнан аса жұмыс орнын сақтап қалған. Үкімет жыл соңына дейін қор активтерін бәсекелі нарықтық ортаға көшіру бойынша стратегиялық шешім қабылдамақ. Айта кетейік, форумның негзігі құрылтайшысы және серіктесі Азия даму банкі. Осы банк 30 жылда Қазақстандағы жобаларға 7,5 млрд-тан аса доллар бөлді. Енді 2029 жылға дейінгі бағдар айқындалып, білім мен тәжірибе алмасу бағдарламасы бекітілген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ақша айналымы #проблемалық кредиттер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz