RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Қазақстанда бензин бағасы ЕАЭС елдері арасында ең төмен

13.08.2026, 12:00 42

Отын бағасының қымбаттағанына қарамастан, Қазақстандағы өсу қарқыны одақтас елдердің көбімен салыстырғанда (атап айтқанда Ресей, Қырғызстан және Армения) төмен болып отыр. Ал ішкі нарықтағы тұтынушылар үшін отынның түпкілікті құны ЕАЭС көлемінде ең төмен күйінде қалып отыр. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның деректеріне сүйеніп, «24KZ» хабарлайды.

 

2026 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша отын құнының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы өзгеру көрсеткіштері төмендегідей:

              Бензин бағасы:

    • Қазақстан — 15,6% өсті (орташа бағасы — литрі 240 теңге);

    • Ресей — 19,9% өсті (орташа бағасы — 477 теңге / 0,98 доллар);

    • Қырғызстан — 17,7% өсті (орташа бағасы — 468 теңге / 0,96 доллар);

    • Армения — 10,4% өсті (орташа бағасы — 711 теңге / 1,46 доллар);

    • Беларусь — 3,1% өсті (орташа бағасы — 458 теңге / 0,94 доллар)

      Дизель отыны: 

      • Қазақстан — 10,6% өсті (орташа бағасы — литрі 336 теңге / 0,69 доллар);

      • Армения — 19% өсті (орташа бағасы — 755 теңге / 1,55 доллар);

      • Ресей — 18,1% өсті (орташа бағасы — 560 теңге / 1,15 доллар);

      • Қырғызстан — 16,9% өсті (орташа бағасы — 521 теңге / 1,07 доллар);

      • Беларусь — 3,1% өсті (орташа бағасы — 468 теңге / 0,96 доллар).

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz