RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда ЕАЭО елдерінің ортақ инвестжобалары талқыланды

13.08.2026, 21:36 41

Ортақ инвестициялық және кооперациялақ жобалар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің агроөнеркәсібін жаңа белеске көтеруі тиіс.

Шикізатты терең өңдеу, цифрландыру мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың да берері мол. Бұл туралы Алматыда өткен Еуразиялық экономикалық одақтың Агроөнеркәсіптік саясат кеңесінің жетінші отырысында айтылды. Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаровтың пікірінше, бұл сала экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін аса маңызды. Қазақстан өзара сауданы дамытуға дайын. Соңғы бес жылда елдің агро өнімдерінің экспорты екі есе ұлғайып, 7 млрд доллардан асты. Былтыр 15 млн тоннадан астам астық экспортталды. Кеңес барысында ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров  экономикалық одаққа мүше елдердегі әріптестерімен екіжақты кездесу өткізді.  Тараптар бұған дейін келісілген жобаларды талқылап, ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін қарастырды.

Гоар Барсегян, ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі:

- Біз агроөнеркәсіп саласындағы кооперацияны дамыту мәселесін талқыладық. Бұл Одақ аясында ауыл шаруашылығы саласындағы алғашқы нақты  қолдау шарасы. Кемінде үш мемлекеттің қатысуымен жүзеге асатын кооперациялық жобалар Одақ бюджетінен қаржыландырылады. Бұл бағытта Қазақстанның әлеуеті зор және Қазақстанмен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге қатысты жобалар бар.

Эрлист Акунбеков, Қырғыз Республикасының су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі:

- Біз Қазақстаннан Қырғызтанға бидай жеткізуді ұйымдастыру мәселесін талқыладық. Сондай-ақ транзит пен логистика мәселелерін қарастырдық. Әрине ең алдымен агроөнеркәсіптік кешендегі кооперацияға басымдық береміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz