RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан көлік дәліздеріне инвестиция тартуда көш бастады

20.08.2026, 13:00 19

Қазақстан Еуразиядағы көлік дәліздерін дамытуға инвестиция тарту бойынша көш бастады.

Орталық Азия елдері автомобиль және теміржол желілерін жаңғыртуға бағыттаған шамамен 72 млрд доллардың 45 пайызы Қазақстанның үлесінде. Еуразиялық даму банкінің обсерваториясына жалпы құны 345 млрд доллар болатын 402 жоба енгізілген. Оның 114-і Орталық Азияға тиесілі. Өңірдегі әр екінші ірі инфрақұрылымдық жоба Қазақстанмен байланысты. Қаражат негізінен теміржол саласына бағытталған. Сонымен қатар Қытай, Ресей, Оңтүстік Кавказ бағытындағы автожолдар, логистикалық хабтар мен шекаралық өткізу бекеттері де жаңғыртылып жатыр. Жобалардың басым бөлігі ұлттық бюджет есебінен қаржыландырылады. Сыртқы инвесторлардың ішінде Қытай 7 млрд доллардан астам қаржы салды. Ал 2035 жылға қарай Еуразияның көлік желісі бірыңғай жүйеге айналуы тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz