RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстанда 8,5 мың шақырым жол жаңарды: тағы қанша шақырым жөнделеді?

28.08.2026, 10:01 22

Қазақстанда 2024 жылдан бері республикалық маңызы бар 8 470 шақырым автомобиль жолы орташа жөндеуден өтті. Бұл 2028 жылдың соңына дейін 10 мың шақырым жолды жөндеу жөніндегі жоспардың 85%-ын құрайды, деп хабарлайды «24KZ».

Көлік министрлігінің мәліметінше, биыл жол жөндеу жұмыстарының көлемі айтарлықтай артқан. 124 жоба аясында 3 679 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылды. Оның 1 451 шақырымы бойынша 29 жоба келесі жылға өтпелі.

Айта кетейік, 2024 жылы 959 шақырым, 2025 жылы 2 320 шақырым республикалық жол жөндеуден кейін пайдалануға берілген. Осылайша, екі жылда 3 279 шақырым жол қамтылды.

Жолдарды жөндеудің бір бөлігі ақылы автомобиль жолдарынан түсетін қаражат есебінен қаржыландырылуда. Биыл осы қаржыға жалпы ұзындығы 1 512 шақырым болатын 38 жобаны іске асыру жоспарланған.

Жалпы, 2028 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автомобиль жолын орташа жөндеумен қамту көзделіп отыр. Бұл жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, өңірлердің көлік қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz