Қазақстанда 2026 жылдың екінші тоқсанында білім беру ұйымдары 2 трлн 88,9 млрд теңгенің қызметін көрсетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлемдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Қаражаттың басым бөлігі бюджет есебінен жұмсалған. Оның үлесі 86,5% болды. Халықтың төлеген қаражаты – 11,5%, кәсіпорындар қаржысы – 2%.
Көрсетілген қызметтердің ең үлкен көлемі мектептегі білім беруге тиесілі. Негізгі және жалпы орта білім беру саласында 1 трлн 224,8 млрд теңгенің қызметі көрсетілді. Бұл жалпы көлемнің 58,6%-ын құрайды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының көрсеткіші 284 млрд теңгеге, ал жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтері 225,9 млрд теңгеге жетті.
Ал қызмет көлемі ең аз бағыттардың қатарында мәдениет саласындағы білім беру бар – 15,5 млрд теңге. Көлік жүргізушілерін даярлау мектептерінің қызметі 1,5 млрд теңгені құрады. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының көрсеткіші небәрі 93,4 млн теңге болды.
Білім беру қызметтерінің 78,3%-ын мемлекеттік ұйымдар көрсеткен. Жеке меншік ұйымдардың үлесі – 21%, шетелдік ұйымдар – 0,6%.
Сонымен қатар интернет арқылы көрсетілген білім беру қызметтерінің көлемі 7,2 млрд теңгеге жетті.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Ұлттық статистика бюросыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz