RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде ауыл шаруашылығы өнімдері қымбаттады

01.09.2026, 08:25 60

Биыл тамыз айында әлемдік ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 13 пайыздан астам өсті. Бұл кейінгі 14 жылдағы ең жоғары айлық көрсеткіш.

Bloomberg агенттігінің мәліметі бойынша бидай бағасы кейінгі үш жылдағы ең жоғары деңгейге жеткен. Бұған Қара теңіз арқылы тасымалдағы іркілістер себеп. Тағы климаттық Эль-Ниньо құбылысы алдағы уақытта егіннің түсіміне кері әсер етуі мүмкін деген болжам бар. Қазірдің өзінде қант пен какаоның бағасы 20 пайызға жуық қымбаттаған. Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан жанармай мен тасымалдау шығындарының артуы да әлемдік нарыққа қосымша қысым түсіріп отыр. Енді сарапшылар алдағы уақытта нан, ет және сүт өнімдері бәріне бірдей қолжетімді болмауы мүмкін дейді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz