Елде кейінгі екі жылда 54 жаңа кен орны мемлекеттік есепке қойылды.
Геологиялық барлау нәтижесінде алтын, күміс, мыс, хром, темір және фосфорит қоры артқан. Қарағанды облысындағы Құйректыкөл учаскесінен 935 мың тоннадан астам сирек жер металдарының болжамды ресурсы анықталды. Геологиялық ақпараттың 4,8 миллионнан астам бірлігі цифрландырылды. Үкімет жинақталған материалдарды Big Data аналитикасы мен жасанды интеллект арқылы талдауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек үш жылда қатты пайдалы қазбаларды өндіруге 96 лицензия беріліп, жеті жоба барлау сатысынан өндіріс кезеңіне өткен.
Қанат Ерубаев, ҚР ӨҚМ геология комитетінің төрағасы:
- 2026 жылы жалпы ауданы 100 мың шаршы шақырымды құрайтын 1,50 мыңдық геологиялық түсірілімнің 20 жобасы бойынша жұмыстар басталды. Соның ішінде алтын, мыс, литий, вольфрам, молибден, сирек кездесетін металдарды іздеуге ерекше назар аударылуда. Мемлекет жүргізіп отырған саясат өз нәтижесән беруде. 2024-2025 жылдары минералды шикізат базасын 157 тоннадан астам алтын, 122 мың тонна мыс, 1,9 млрд тоннаға жуық темір рудасы сынды басқа да пайдалы қазбалардың айтарлықтай өсімі алынды.
Тегтер #Қазақстан #кен орыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz