Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті. Мөлшерлеме бойынша дәліз +/- 1 пайыздық тармақ деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Банк шешімге елдегі инфляцияның баяулауын және инфляциялық күтулердің төмендеуін себеп ретінде келтірді.
Тамызда жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеді. Азық-түлік инфляциясы 9,5%-ды, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 11,4%-ды, ал қызмет көрсету саласындағы инфляция 8,9%-ды құрады.
Ұлттық банктің бағалауынша, инфляцияның баяулауы 11 ай қатарынан жалғасып келеді. 2026 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 9-11% деңгейінде болады деген болжам сақталды.
Сонымен бірге 2027 жылға арналған инфляция болжамы қайта қаралып, 6,5-8,5%-ға дейін көтерілді. Бұған сыртқы инфляциялық қысымның күшеюі, реттелетін бағаларға қатысты болжамдардың өзгеруі және фискалдық ынталандырудың артуы әсер еткен.
Ұлттық банк инфляция тәуекелдерінің теңгерімі проинфляциялық бағытқа ауысқанын атап өтті. Негізгі тәуекелдер ішкі сұраныстың өсуіне, инфляциялық күтулерге, жанар-жағармай бағасы мен коммуналдық қызмет тарифтерінің динамикасына байланысты.
2026 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,5-5,5% деңгейінде болады деген болжам сақталды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Ұлттық банк #базалық мөлшерлемеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz