Астана халықаралық әуежайында Қытайдың жүк тасымалына маманданған China Central Longhao әуе компаниясының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Кездесу барысында тараптар елорда әуежайы арқылы жүк ұшақтарына техникалық аялдама жасау бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты және әуе арқылы жүк тасымалын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Жоспарға сәйкес, қытайлық тасымалдаушы қыркүйек айында Астана арқылы рейстерді бастайды. Ұшулар Boeing 747-400F жүк ұшақтарымен орындалады. Рейстер аптасына төрт рет жүзеге асырылады деп жоспарланған.
Әуежай өкілдерінің айтуынша, жаңа тасымалдаушының келуі жүк тасымалы бағыттарының желісін кеңейтіп, Астананың Қытай, Орталық Азия және басқа да халықаралық нарықтар арасындағы транзиттік торап ретіндегі маңызын арттыруға мүмкіндік береді.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Астана әуежайы #ҚытайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz