RU
Толық нұсқаға өту

Туризмге 2,2 трлн теңге инвестиция тартылды

07.09.2026, 12:20 255

Екі жылда туризм саласына 2,2 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Қазір жалпы құны 1,3 триллион теңгеге жуықтайтын 328 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Нәтижесінде 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылып, халықаралық деңгейдегі 25 жаңа қонақүй кешені ашылады. 

Былтыр салаға 1,25 триллион теңге қаражат құйылды. Елге 15,7 миллион шетел азаматы келді.  Оның 11 миллионнан астамы турист ретінде тіркелген. Орналастыру нысандарының саны 4,5 мыңнан асты. Биыл 11 мың шақырым автожолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Катонқарағай, Зайсан және Кендірліде жаңа әуежайлар іске қосылады. Алматы тау кластері аясында туристерді қабылдау әлеуетін жылына 5 миллионға дейін арттыру көзделген. Жоба шеңберінде 30 аспалы жол мен 161 шақырым тау-шаңғы трассасы салынады.

Бұдан бөлек, былтыр ұлттық парктерде 3,7 млн адам демалды.

Нұрбол Байжанов, Туризм индустриясы комитетінің төрағасы:

- Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы қосылған құн саны туризм саласында 5 миллионға жуықтап алғанда жетіп отыр. Туристік саладағы заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Бұдан бөлек, осы туристік саланы жүйелі дамыту мақсатында және барлық мемлекеттік органдар арасында жұмысты байланыстыру мақсатында Үкімет деңгейінде үйлестіру кеңесі құрылды.  Үйлестіру кеңесінде осы туристік саланы дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасының іс-шаралар жоспары өзектендірілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz