Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында 4,1%-ға өсті. Алдын ала дерек бойынша, өндіріс әдісімен есептелген ЖІӨ көлемі 70,9 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды «24KZ».
Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, экономикалық өсімге негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі, сауда және құрылыс салалары қосты. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 9,8%-ға, көтерме және бөлшек сауда 5,7%-ға, құрылыс 15,2%-ға өскен.
Көлік және қоймалау саласында өсім 7,1% болды. Ауыл, орман және балық шаруашылығының көлемі 4,4%-ға артты.
ЖІӨ құрылымында тауар өндірісінің үлесі 36,4%, қызмет көрсету саласының үлесі 55,4% болды. Экономикадағы ең жоғары үлес өнеркәсіпке тиесілі – 28,6%.
ЖІӨ өсіміне өңдеу өнеркәсібі 1,25%, сауда 0,93%, ал құрылыс 0,79% үлес қосты.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #ЖІӨPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz