Азаматтардың арыз-шағымдары жыл соңына дейін қарала бастауы керек. Президенттің қабылдауында болған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы осылай деді.
Сондай-ақ қаржы секторы субъектілеріне 465 млн теңге айыппұл салынғаны баян етілді. Агенттік 270-тен аса инспекторлық тексеріс жүргізген. Бұған қоса, микроқаржыландыру және коллекторлық агенттіктер нарығында жұмыс істейтін 13 мекемені лицензиясынан айырған. Мәдина Әбілқасымова халықтың шамадан тыс несие алуына қатысты кідіріс бар екенін айтты. Жеті айда тұтынушылық несие 4,6 пайызға дейін баяулапты. Есесіне бизнесті қаржыландыру белең ала бастаған. Бұл бағыттағы несие өсіп, 16 трлн теңгеге жеткен. Кәсіпкерлікке жаңадан берілген кредит көлемі жыл басынан бері 20 пайыздай жоғарылап, 12 жарым трлн теңге болды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы агенттік төрағасына бірқатар тапсырма берді. Тұрақтылықты қамту қажет. Қаржы саласында жасанды интеллектіні кеңінен пайдаланып, экономиканың нақты секторларын кредиттеуді көбейту керек. Сондай-ақ капитал мен сақтандыру нарығын одан әрі дамытуға баса мән беруді жүктеді.
Тегтер #24KZ #Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі #тұтынушылық несиеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz