RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Кореямен арадағы алыс-беріс

14.09.2026, 13:05 52

Биыл жарты жылда еліміз Оңтүстік Кореяға экспортын арттырды. Ал Таңғы шық елінен Қазақстанға импортталатын тауар көлемі керісінше кеміген. Былтырғыдан қарағанда арадағы алыс-беріс қарқыны сәл бәсеңдеді.

Алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша, жалпы тауар айналымы 1 млрд 300 млн АҚШ долларын құраған. Былтыр бұл көрсеткіш 1 млрд 550 млн доллар болған еді. Дегенмен 2025 жылы Қазақстан 44 млн доллардың тауарын сатса, биыл сауда көлемі 51 млн долларға дейін өсіпті. Корей импорты 1 млрд 110 млн-нан 78 млн долларға дейін қысқарған.

Екі ел арасындағы алыс-беріске үңілер болсақ, Оңтүстік Кореяға біздің ел көбіне шикізат тасымалдайды. Оның ішінде мұнай шикізатының үлесі басым. Атап айтқанда, маусым айына дейінгі мұнай шикізатының экспорты 479 млн АҚШ долларынан асып түсті. Бұдан бөлек, ферроқорытпалар, титан мен одан жасалған бұйымдар, саз балшық сияқты тауар жеткізілген.

Ал Кореядан біздің елге көбіне автокөлік және оның жабдықтаушы бөлшектері тасымалданады. Кестеде көрсетілгендей, жарты жылда 155 млн доллардың автокөліктері және трактор бөлшектері жеткізілген екен.

Сонымен бірге елімізге кореялық көлік шанақтары, электр жабдықтары мен қозғалтқыштар экспортталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz