RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Qazstat

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі 22,3%-ға өсті

14.09.2026, 14:50 54

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі артты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 22,3%-ға өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Қазір елде ауыл және орман шаруашылығына арналған техника шығаратын 40 кәсіпорын жұмыс істейді. Өндірістің негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы машиналары құрайды.

Мәселен, былтыр 1 236 астық жинайтын комбайн шығарылған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 13,7%-ға көп. Комбайн өндірісінің басым бөлігі Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі.

Отандық техникаға шетелде де сұраныс бар. 2025 жылы қазақстандық кәсіпорындар 16 астық жинайтын комбайн экспорттаған. Техника негізінен Тәжікстан, Грузия және Өзбекстанға жөнелтілген.

 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz