Болашақта мұнай қоры азаяды. Осы себепті жердің терең қабатындағы отынды шығару міндет. Қазір әлемдік әдіс-тәсілдер зерделеніп жатыр. 2027-2030 жылдары 11 кен орны сынақтан өткізіледі.
«Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының бас директоры Төлеген Орашевтың айтуынша, үш негізгі міндет бар. Алдымен біздегі кен орындарының ерекшелігіне сай озық технологиялар іріктеледі. Бұдан кейін инновацияны өндіріске енгізу үшін, мемлекет пен мұнай компанияларының бірлескен жұмысын жолға қою және инвесторларға ынталандыру тетіктерін әзірлеу қажет. Үшіншісі, жаңа технологиямен өндірілген мұнайды нарыққа, соның ішінде экспортқа шығаруды ойластыру маңызды
Төлеген Орашев, «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының бас директоры:
- Біздің кен орындарымызда, оның ішінде ҰК «ҚазМұнайГазда» мұнай өндіруді арттырудың озық технологиялары енгізілуде. Ол «ҚазМұнайГаз» инжиниринг бар және «Самұрық Қазынада» құрылған ғылыми жобаларды өндіріске енгізетін мекеме бар. «Самғау» деген солармен біруді білдіреді. Қазіргі таңда мұнай өндірудің озық технологияларын, оларды химиялық жолмен, жаңадан цифрландыру, сондай-сондай озық технологияларды енгіздік.
Тегтер #мұнай #жердің терең қабаты #отын #сынақ #Самғау #ғылыми технология #инновацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz