RU
Толық нұсқаға өту
Фото: UKIMET

Қазақстанда цифрлық активтер нарығы лицензияланатын қызметке көшеді

15.09.2026, 11:13 51

Қазақстандағы цифрлық активтер нарығы пилоттық жобалар кезеңінен лицензияланатын қызмет форматына ауысады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Оның айтуынша, KASE цифрлық қаржы активтері платформасы мен цифрлық активтер сауда платформасының операторы мәртебесін алған.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында KASE цифрлық платформасында биткоин фьючерсіне арналған ETF бойынша 20,5 млрд теңгеге 34 мың мәміле жасалған. Үш криптоактивке арналған жаңа ETF бойынша тағы 1 млрд теңгеге 650 мәміле тіркелді.

Қазір қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастайтын үш лицензияланған оператор жұмыс істейді. Алғашқы екі айдағы олардың жалпы айналымы шамамен 2 млрд теңгеге жеткен. Тағы бес компания лицензия алу рәсімінен өтіп жатыр.

Ұлттық банк басшысының сөзінше, цифрлық активтерді сақтау инфрақұрылымы қалыптасып, оларды есеп айырысуда пайдалану мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Сонымен қатар криптокарта, крипто-QR және криптоэквайринг сияқты сервистер іске қосылған.

Қысқа мерзімде ауқымды жұмыс атқарылып, нарықтың толыққанды инфрақұрылымы қалыптастырылды. Мұндағы негізгі элементтер бүгінде жұмыс істеп тұр, – деді Тимур Сүлейменов.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz