RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда тамыз айында 166,5 мыңнан астам автокөлік тіркелді

15.09.2026, 16:14 57

Тамыз айында Қазақстанда 166,5 мыңнан астам автокөлік құралы мемлекеттік тіркеуге қойылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

2026 жылғы тамызда елімізде 166 547 автокөлік есепке алынған. Оның 87,5%-ын жеңіл автомобильдер, 5,6%-ын жүк көліктері, 2,6%-ын тіркемелер, 0,8%-ын автобустар, 0,7%-ын мотоциклдер құрады. Өзге автокөлік құралдарының үлесі 2,7% болды.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 млн 88,7 мың бірлікке жетті.

Жалпы көлік паркінің басым бөлігін жеңіл автомобильдер құрайды. Олардың саны – 5 млн 105,4 мың немесе 83,9%. Сондай-ақ елімізде 496,1 мың жүк көлігі, 263,9 мың тіркеме, 89,5 мың автобус пен шағын автобус және 75 мың мотоцикл тіркелген. Өзге көлік құралдарының саны 58,7 мың бірлікті құрады.

Тамызда есепке қойылған жеңіл автомобильдер арасында шығарылғанына 20 жылдан асқан көліктердің үлесі ең жоғары болды – 28%.

Үш жылға дейінгі жеңіл автомобильдер саны 40 513 бірлікті немесе жалпы көлемнің 24,3%-ын құрады. 3 жылдан 7 жылға дейінгі көліктер – 12 986 бірлік (7,8%), 7 жылдан 10 жылға дейінгі автомобильдер – 6 011 (3,6%).

10 жылдан асқан, бірақ 20 жылдан аспайтын жеңіл автомобильдер саны 39 646 бірлік болды. Бұл – 23,8%.

Ал шығарылғанына 20 жылдан асқан 46 610 жеңіл автомобиль тіркелді. Олардың үлесі 28%-ды құрады.

Өңірлер арасында мұндай көліктер Алматы облысында – 6 254, Жамбыл облысында – 4 643 және Түркістан облысында – 4 559 бірлік тіркелген. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz