RU
Толық нұсқаға өту

Инвестициялық жобаларға қолдау күшейді

16.09.2026, 14:00 41

Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб кейінгі үш жылда жалпы құны 154 млрд доллардан асатын 309 жобаға қолдау көрсетті.

Елде шикізатты терең өңдеу, жергілікті өндірісті дамыту, жоғары қосылған құны бар өнім шығару және тұрақты жұмыс орындарын ашу сынды мәселелерге басымдық берілді. Былтыр 29,8 млрд долларға 41 инвестициялық келісім жасалды. Бүгінде 11 млрд долларды құрайтын 25 келісімге қол қойылды. Бұдан бөлек, Балқашта мыс балқыту зауыты бой көтереді. Жобаға 1,5 млрд доллар жұмсалады. Құрық портында құны 287 млн доллардан асатын көпфункционалды терминал салынып жатыр. Атырауда аммиак пен аммоний нитратын өндіретін зауыт құрылысына 100 млн доллар бөлінді. Түркістан өңіріндегі алюминий өңдеу зауытына 115 млрд теңге қаражат қарастырылған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz