RU
Толық нұсқаға өту
Фото: UKIMET

Қазақстанда бағалы металдар айналымын бақылау күшейтілмек

16.09.2026, 15:42 39

Қазақстанда зергерлік бұйымдар нарығы өсіп жатқанымен, оның айналымының едәуір бөлігі әлі де көлеңкеде қалып отыр. Бұл туралы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды «24KZ».

2025 жылы ломбардтар «Тау-Кен Алтын» ЖШС-ға өңдеуге шамамен 3,2 тонна бағалы металл сынықтары мен қалдықтарын тапсырған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 3,8 тонна болған.

Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, бағалы металл сынықтары мен қалдықтарын аффинаждық кәсіпорындарға міндетті түрде тапсыру тәртібін жетілдіру ұсынылды.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстандағы зергерлік бұйымдардың ішкі нарығы шамамен 168 млн долларды құрап, 3,4%-ға өскен. Өндіріс көлемі 31%-ға артып, 7,2 млн долларға жетті, экспорт 65,4 млн доллар болды.

Жиында жалпы көлеңкелі экономиканы қысқарту шаралары да талқыланды. Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі үлесі 2023 жылғы 17,58%-дан 2025 жылы 15,69%-ға дейін төмендеген.

Соңғы бес жылда осы бағытта 24 нормативтік құқықтық акт қабылданып, 20 ақпараттық жүйе жаңғыртылған. Ауыл шаруашылығы, сауда, мұнай-газ, энергетика және құрылыс салаларында цифрлық бақылау құралдары енгізіліп жатыр.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды заңдастыру бойынша 45 интернет-платформаның мемлекеттік жүйелермен интеграциясы аяқталды. Қазір 922,5 мың азамат ресми тіркелген, олар 9,9 млрд теңге әлеуметтік төлем аударған.

Кеңес қорытындысында 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыруды жалғастыру, көлеңкелі схемаларды анықтау жұмыстарын күшейту және бағалы металдар мен зергерлік нарықты реттеуді жетілдіру тапсырылды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz