Ақмола облысында республикалық маңызы бар KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы» автомобиль жолының 40 шақырымында орташа жөндеу аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстарының 97%-ы орындалды, деп хабарлайды «24KZ».
Жөндеу жолдың 139-179-шақырымдары аралығында жүргізіліп жатыр. Мұнда жол төсемі қалпына келтіріліп, жамылғыдағы ақаулар жойылуда. Сондай-ақ автожолдың жай-күйін жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыс атқарылуда.
Жоба бойынша барлығы 371 мың шаршы метр жол жамылғысын жөндеу жоспарланған. Бүгінде оның 361 мың шаршы метрінде жұмыс аяқталды.
Жол қозғалысының қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінген. Жолдың 4 шақырымына сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату жоспарланып отыр. Бұл түнгі уақытта жолдың көрінуін жақсартып, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Жөндеу жұмыстарына 54 маман мен 31 арнайы жол техникасы жұмылдырылған.
Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жолдың осы бөлігінің жай-күйі жақсарып, қозғалыс қауіпсіздігі мен жүргізушілерге қолайлылық артады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Ақмола облысы #жол жөндеу #экономика #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz