RU
Толық нұсқаға өту

Елде құрылыс жұмыстарының көлемі 15,6% артты

17.09.2026, 13:30 62

Биыл қаңтар-тамыз айлары аралығында елдегі құрылыс жұмыстарының көлемі 15 пайызға артты. Осылайша сегіз айда салада 6 трлн теңгеден астам соманың жұмысы атқарылды. Құрылыс көлемінің төрттен бірінен астамы автомобиль, теміржол және метро құрылысына, 21 пайызы тұрғын емес нысандардың, 12 пайызы тұрғын үйлердің үлесіне тиесілі болды. 

Құрылыс қарқыны еліміздің 18 өңірінде өскен. Ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркеліп, жұмыс көлемі шамамен 3 есеге ұлғайған. Павлодар облысында бұл көрсеткіш 41 пайызды құраса, Атырауда – 37, Қызылордада  - 26, ал Түркістанда 23 пайызға көбейген.

Сондай-ақ Қостанай, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында да айтарлықтай өсім тіркелді. Ірі қалалар арасында Алматыда құрылыс көлемі – 16, Астанада мен Шымкентте 13 пайызға артқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz